Наурыз нақыштары: Түркістан көшелеріне 100 астам кіші сәулеттік формалар қойылды

Фото: Түркістан қалалық әкімдігі

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Қала көшелерін безендіруге бюджеттен қаржы қаралған жоқ.

Биыл Түркістан қаласында наурыз мерекесі «Керуен-Сарай» туристік кешенінің аумағында атап өтіледі. Онда орналасқан 20 киіз үйде салт-дәстүрді дәріптейтін көптеген іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары «Жеңіс» саябағында да Әз-Наурызға арналған іс-шараларды тамашалай алады. 

Фото: Түркістан қалалық әкімдігі

«Қазіргі кезде қала көшелері Әз-Наурыз мерекесіне орай безендіріліп жатыр. Әр көше мен алаңшаларға, аллеялар мен саябақтарға қойылған 100-ден астам кіші сәулеттік формалар тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Онда қала тұрғындары мен қонақтар арнайы суретке түсіп, мерекені қызықты өткізуге бар жағдай жасалған» — делінген Түркістан қаласы әкімдігі ұсынған ақпаратта.

Фото: Түркістан қалалық әкімдігі
Фото: Түркістан қалалық әкімдігі
Фото:Түркістан қалалық әкімдігі
Фото: Түркістан қалалық әкімдігі