«Наурыз» және «Наурыз жұмыскер»: бағдарлама аясында қанша пәтер берілді

Фото: Kazinform / Freepik

АСТАНА. KAZINFORM — Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов «Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» бағдарламаларын іске асыру барысын түсіндірді.

- «Отбасы банкінің» өз қаражаты мен нарықтан тартылған қаражатты пайдалана отырып, «Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» бағдарламалары іске қосылды. Бүгінде «Наурыз» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 142,7 млрд теңге болатын 5091 несие берілді. Ал «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы аясында 60,4 млрд теңгеге 2450 несие берілді, - деді Қ.Қажкенов Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата отырысында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Отбасы банк» 2025 жылы да «Наурыз» бағдарламасын жүзеге асырып, Қазақстандықтарға қолжетімді тұрғын үй алу мүмкіндігін ұсынады. 

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін жүргізілді.

Айта кетейік, «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы бойынша берілген несиелердің 60%-ын өнеркәсіп және құрылыс саласының қызметкерлері алды.