Екі қалада да көлік қозғалысы мереке күндері айтарлықтай артады. 2024 жылы Астанада 20 наурызда пик сағаттарында орташа қозғалыс жылдамдығы төмендеген:
– Таңғы қарбалас уақытта
– Бөгенбай батыр даңғылы (екі бағытта) → -5–11%
– Тілендиев даңғылы (батыс) → -6–12%
– Тұран даңғылы (солтүстік) → -13%
– Кешкі қарбалас уақытта:
– Қабанбай батыр даңғылы (оңтүстік) → минус 12–15%
– Қорғалжын тас жолы (батыс) → минус 10–15% (13:00-ден түнге дейін)
– Тұран даңғылы (солтүстік), Абылай хан даңғылы (батыс) → минус 5–6% (15:00-ден бастап)
Алматыда 2024 жылғы 20 наурызда жол қозғалысы барлық дерлік көшелерде 19–36%-ға артқан. Әсіресе, сарапшылар ВОАД (солтүстік) және әл-Фараби даңғылын (шығыс) ерекше атап өтті. ВОАД → +36%. Әл-Фараби даңғылы → +31%
Пик сағаттарында қозғалыс жылдамдығы өзгермеген, көлік ағыны біркелкі таралып отырған.
Биыл да дәл осы жағдай қайталануы ықтимал. Сондықтан Астана мен Алматы тұрғындарына жолға қосымша 15–20% уақыт қарастыру керек. Мерекені үйге жақын жерлерде атап өтіп, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалануды ұсынамыз.
Еске сала кетейік, бұған дейін екі облыстағы республикалық жолда көлік қозғалысы шектелгенін хабарлаған едік.