Орталығы Қостанай облысының үстінде орналасқан ауқымды циклон Қазақстанның барлық аумағын қамтиды, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін.
- Солтүстік Қазақстанда 29 наурызда
- Ақмолада 29-30 наурызда
- Павлодар мен Қарағандыда 30 наурызда
- Шығыс Қазақстан облыстарында 31 наурызда жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын жауады.
Сондай-ақ мына өңірлерде нөсер болжанады:
- Алматыда 29 наурызда
- Түркістанда 30 наурызда
- Жетісу облысында 29-31 наурызда қатты жаңбыр жауады.
30-31 наурызда елдің басым бөлігінде солтүстік-батысында, солтүстігінде (Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында) ауа температурасының 3-10 градусқа дейін төмендеуі байқалады, күндіз біртіндеп 2-8 градусқа жылиды.
Сәуірде жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде нормадан жоғары болатыны болжанды. Орталықта (Ұлытау облысы, Қарағанды облысы), солтүстікте (Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары), оңтүстік-шығыста (Жамбыл, Алматы облысы, Жетісу), шығыста (Абай облысы, Шығыс Қазақстан облысы), оңтүстіктк (Қызылорда, Түркістан облыстары) нормаға жақын болады.
Бұған дейін «Қазгидромет» РМК 29 наурызда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамын жариялаған болатын.