АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда Наурыз мейрамы қарсаңында этникалық стильде безендірілген мерекелік пойыздар салтанатты түрде сапарға аттанды.
Осы оқиғаға орай «Жолаушылар тасымалы» АҚ елорда вокзалының перронында жолаушыларға шағын тосынсый ұйымдастырды.
Жолаушыларды қазақ домбырасының үнімен қарсы алып, наурыз көже мен бауырсақтан дәм татқызды.
Мерекеге орай безендірілген пойыздар наурыз айының соңына дейін «Астана-Алматы», «Астана-Шымкент» және «Астана-Павлодар» бағытында қатынайтын болады.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.