Көрмеде Шығыс елдеріндегі Наурыз мерекесі, тарих және мәдени дәстүрлер туралы жарияланымдар ұсынылды.
«Биыл Наурыз мейрамы елімізде жаңа бағытта атап өтіліп жатыр. Мерекелік іс-шаралар Көрісу күнімен басталды, оған біздің кітапхана қызметкерлері белсенді қатысты.15 наурызда көрме ашылды. Наурызнаманың онкүндігінде кітапханада тақырыптық іс-шаралар өткізіледі», – деді Ұлттық академиялық кітапхананың ақпараттық мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Күләш Оразова.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме келушілер үшін күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін ашық және наурыз айының соңына дейін жалғасады.