Науру елі журналистерден виза үшін 7 мың доллардан талап етіп отыр

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Тынық мұхиты жағалауындағы Науру мемлекеті аралға келгісі келетін журналистерден виза үшін 7 мың доллардан өндіріп алмақ ниетте.

Осылайша оның бағасын 40 есе көтермек.

Кейбір бақылаушылар республика билігінің мұндай шешім қабылдауына иммиграциялық орталыққа кіруге тілек білдірген БАҚ өкілдеріне шектеу қоюға әрекеттенген Австралия түрткі болған деген пікір айтуда.

Науруға қашқан босқындарға жағдай жасау талаптары БҰҰ мен құқық қорғау ұйымдары тарапынан бірнеше рет сынға алынды.

Ярендегі билік орындары жаңа салық аралдағы мемлекеттің бюджетін толтыру мақсатында енгізіліп отырғандығын айтып отыр.