деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2010 жылғы наурызда 2009 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға қантқа 41 пайыз, кофе, шай және какаоға - 14,7 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 8,1 пайыз, тоқаш пен ұн өнімдеріне - 7 пайыз, алкогольді ішімдіктерге - 6,1 пайыз, сүт өнімдеріне - 5,3 пайыз, май және тоң майға - 2,4 пайыз, макарон өнімдеріне - 0,7 пайыз өскен. Ал керісінше бағаның төмендеуі ұнға 17,4 пайызды, жармаға - 6,4 пайызды, нанға - 3,8 пайызды, жемістер мен көкөністерге - 1,8 пайызды құраған.
Сондай-ақ, есепті кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 9 пайызға байқалған. Бұл ретте шошқа етіне баға деңгейі 12,7 пайыз, құс етіне - 9,3 пайыз, шұжық өнімдеріне - 7,3 пайыз, қой етіне - 5,2 пайыз, жылқы етіне - 3,4 пайыз жоғарылағаны тіркеліп отыр.