Наурыз айында елімізде азық-түлік тауарларының бағасы былтырғыға қарағанда 4,7 пайызға өсті

АСТАНА.2 сәуір. ҚазАқпарат - 2013 жылғы наурызда азық-түлік тауарларының бағасы 2012 жылғы наурызбен салыстырғанда 4,7 пайызға өсті.

Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, 2013 жылғы наурызда 2012 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға ұнға 13,1 пайызға, макарон өнімдеріне - 10,7 пайызға, жемістер мен көкөністерге - 8,7 пайызға, кофе, шай және какаоға - 5,9 пайызға, тоқаш және ұн өнімдеріне - 5,3 пайызға, балық және теңіз өнімдеріне - 5,1 пайызға, алкогольді ішімдіктерге - 4,6 пайызға, сүт өнімдеріне - 4 пайызға, кондитерлік өнімдерге - 3,9 пайызға, нанға - 2,5 пайызға, май және тоң май - 2,4 пайызға өсті. Ал бағаның төмендеуі жармаларға 18,4 пайыз, қантқа - 6,9 пайызға байқалған. Бұдан бөлек, есепті кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 5,3 пайызды құрады. Қой етіне баға деңгейі 6,6 пайыз, шошқа етіне - 6,3 пайызға, сиыр және жылқы етіне - 5,4 пайыз, құс етіне - 4,8 пайыз, шұжық өнімдеріне - 4,2 пайызға дейін жоғары болды.