деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
«2011 жылғы наурызда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, алдын ала берілген деректер бойынша, 44973 теңгені құрап, 2010 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 21,1 пайызға артты. Нақты ақшалай табыстары 11,5 пайызға өсті», - делінген баспасөз хабарламасында.
2011 жылғы наурызда орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың көлемі бойынша Атырау, Маңғыстау облыстары және Алматы қаласы алдыңғы қатарда болды. Олардың көрсеткіші орташа республикалық деңгейді 2,4-1,9 есеге арттырды.
2011 жылғы наурызда табыстары ең төмен өңірлер қатарына Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстары кірді. Аталған өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден орташа алғанда 59,3 және 69,0 пайызды құрады. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында болды.
2011 жылғы наурызда өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 4,1 есені құрады (2010 жылғы наурызда - 4,0 есе).