«Жыл басынан бері инфляция 1,3% (2018 жылғы қаңтар-наурызда - 1,8%) құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 3,8%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,9%-ға өсті. Ақылы қызмет көрсету бағасы 1,4%-ға төмендеді» делінген хабарламада.
Жылдық инфляция 4,8% деңгейінде қалыптасты және 4-6% нысаналы дәлізінің ішінде тұр. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 6,7%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 6,0%-ға өсті. Ақылы қызмет көрсету бағасының жылдық өсу қарқыны 1,2%-ға дейін баяулады.
Жалпы, наурызда халықтың инфляциялық болжамы нақты инфляцияның баяулауы аясында төмендеді.