Наурыз айында инфляция 0,5 пайызды құрады

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - 2011 жылғы наурыз айында инфляция 0,5 пайызды құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

«2011 жылғы наурызда инфляция 0,5 пайызды құрады. Бағалар өнеркәсіпте бір ай ішінде - 4,2, орман шаруашылығында - 3,8, көтерме саудада - 1,8, ауыл шаруашылығында - 1,7, құрылыста 0,4 пайызға жоғарылады. Жүк көлігімен тасымалдау тарифтеріне, заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық, курьерлік және байланыс қызметтеріне баға өзгеріссіз қалды», - делінген ведомство ақпаратында.