Бұл жайында бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
Оның айтуынша, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 44,2%-ға жоғары.
«2012 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жеңіл автокөліктің қолда бары 3 549,5 мың бірлікті құрады», - дейді ол.
Ең жоғары көрсеткіш ОҚО (6908), Алматы қаласында (6233), Алматы облысында (5702), ШҚО (4080) және Астана қаласында (3145) тіркелген.