Наурыз айында тұтыну бағаларының индексі 0,4 пайызға өсті - Павлодар облысы
09:28, 04 Сәуір 2012
ПАВЛОДАР. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Павлодар облысында инфляция деңгейінің негізгі көрсеткіші - тұтыну бағаларының индексі наурыз айында 100,4 пайызды құрады, деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметінен.
Қант бағасы 4,9, ет - 2,4 пайызға өсті. Қарақұмық жармасының бағасы 8,6 пайызға төмендесе, күріш бағасы екі пайызға, күнбағыс майының бағасы - 1,1 пайызға төмендеді.
Азық-түлік емес тауарлар бойынша бағалар 0,1 пайызға өскен, бұл ретте киім бағаларының 0,2 пайызға өсуі байқалған.
Ақылы қызметтер 0,2 пайызға қымбаттады. Бұл топта жолаушылар көлігі қызметтерінің ішінде қаларалық автобус - 3,7, алыш қашықтыққа апаратын жолаушылар теміржол көлігі - 0,8, байланыс - 0,7 пайызға артты.