Наурыз айында үйлердің бағасы біршама арзандады ? Статистика агенттігі

АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат - 2009 жылғы наурыз айында республикада жаңадан салынған үйлердің бағасы оның алдыңғы аймен салыстырғанда – 09 пайызға,

қайта сатылымға түскен жайластырылған үйлер мен оны жалға беру құны 0,1 пайызға арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап. Мәселен, жаңадан тұрғызылған үйлердің бағасы 1 шаршы метрі үшін 142 мың 105 теңгені (өткен аймен салыстырғанда 0,9 пайызға арзан), қайта сатылымға түскен жайластырылған үйлер 106 мың 362 теңгені (0,1пайызға арзан), қайта сатылымға түскен жайластырылмаған үйлер 62 мың 144 теңгені (0,0 пайыз), жалға берілетін жайластырылған үйлер 823 теңгені (0,1 пайызға арзан) құрады. Олардың құны 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5-тен 18,6 пайызға дейін төмендеді.