Наурыз айының соңына дейін еліміздегі ҰОС ардагерлері баспаналы болады - ҚР ДСӘДМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 наурызға дейін ҰОС ардагерлері тұрғын үймен қамтылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова «Нұр Отан» партиясындағы селекторлық жиында мәлім етті.

«Бұрын тұрғын үй кезегінде 200 ардагер болса, қазір 107 ғана. Мәселен, Астана бойынша 5 адам, ОҚО-да кезекте 25 ардагер, Алматы облысында - 26 ардагер кезекте тұр», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес 20 наурызда барлық ардагерлер баспанамен қамтылуы тиіс. Вице-министр Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге байланысты республикалық бюджеттен соғыс мүгедектері мен ардагерлерді қолдау үшін 5,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінгенін еске салды.