«Құрметті қазақстандықтар! Бүгін шығыс халқының төл мерекесі, жылдың басы. Бүгін батыс өлкесінде Қазақстанның адамдар қыстан аман шыққанын паш етіп, бір-бірімен қол ұстасып, сәлемдесіп, бір-бірінің бетінен сүйіп, құшақтасып, бір-бірінің үйінен дәм татады. Әжелеріміз бүгін ең жақсы киімдеріңді киіңдер, дастарханға ең дәмді тағамдарды қойыңдар деп үйреткен. Бұл Ұлыстың ұлы күні деп аталған. Мен бұл күнмен барша халқымызды, барша туыстарымызды, біздің Қазақстан деп аталатын байтақ елдің тұрғындарын шын жүректен құттықтаймын. Жаңа жылдың басы құтты болсын, ата-бабамыздан келе жатқан Наурыз мерекесі қайта жаңғырып өзінің бағасын алды. Ол үлкен мерекеге айналды, ұлттық мерекеге айналды. Бұл біздің егемендік еліміздің көрінісі және ұлттың бақыты, елдің қуанышы. Наурыз бүкіл ұлтты біріктіретін ұлы мейрам!» делінген құттықтауда. «Мейрамдарыңыз құтты болсын! Аспанымыз ашық, кең даламызда әрбір жанұяның басына бақыт қонсын, бауырларыңыз бүтін, еліміз тыныш болсын, бақытты өмір сүріп, жаңа жылдан жаңа жылға жете беріңіздер!», деп ізгі тілектерін білдіреді қазақтың ақын қызы.
22:19, 22 Наурыз 2015
Наурыз бүкіл ұлтты біріктіретін ұлы мейрам - ақын Ақұштап Бақтыгереева
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақын, ҚР мәдениет қайраткері, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Ақұштап Бақтыгереева партия порталы арқылы барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.