Наурыз - бүткіл тіршіліктің жаңғыратын кезі - Н. Геллерт

АНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Наурыз - бұл дүниедегі бүткіл тіршілік атаулының жаңғырып, жаңаратын кезі. Сондықтан да, оны адамзат ерекше құлшыныспен қарсы алады.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің ғимаратында өткен Наурыз мейрамының мерекелік шарасы барысында депутат Наталья Геллерт осындай тілек айтты.

«Расында да, мен үшін Наурыз мейрамының орны ерекше әрі бұл күнді ең ұлық мерекенің біріне санаймын. Өйткені, Наурыз көктемнің, яғни тіршіліктің белгісін білдіретін жаңару мейрамы. Табиғат жанданып, онымен қоса адамдарға да ерекше құлшыныс келеді. Сондықтан да, осы күні алдағы келешектен тек жақсылық тілейтін, ақтың молдыған, денсаулықтың зорлығын қалап, соны ауызға алатын игі дәстүр ықылымнан жалғасып келеді. Бұндай Ұлыстың ұлы күнінен, жер бетіндегі ерекше мерейлі мерекеден айырылып қалмай, қайта керісінше қауышып, оны мәнді ете түскен тәуелсіз Қазақстанның халқы бақытты. Бұндай бақыттан айырмаса екен. Ақ мол болсын!», - деді Наталья Геллерт.