Наурыз қарсаңында маңғыстаулық оқушылар сауапты іс жасады
Маңғыстаулық оқушылар жаңа бастаманы бейнетаспаға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Олар өңірдегі барлық мектеп оқушыларын жасылдану жұмыстарына белсенді қатысып, жақсы іс жасауға үндеуде.
№12 мектептің 11 сынып оқушылары жаңа бастаманы қолға алған. Білім ошағын өздерінің идеялары бойынша безендіріп, түрлі талдар отырғызған.
1 апта бұрын басталған сауапты іс «Менің жасыл мектебім» сайысы аясында өтуде екен.
Сайыс келесі айда аяқталады. Үздік оқушылар арнайы марапатталады.
Айта кетейік, мектеп облыстағы өте ерекше безендірілген білім ошағының бірі. Мұнда сыныптарға дейін бөлме гүлдері қойылған.