Наурыз Қазақстанда өмір сүретін барша этностардың өкілдері үшін қымбатты - Алматы әкімі

None
АЛМАТЫ. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Наурыз мейрамы Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық этностардың өкілдері үшін қымбатты. Бұл атаулы күн бейбітшілік пен бірлікті нығайту ісінде елеулі рөл атқаруда.

Бұл туралы бүгін Алматының меймандары мен тұрғындарына арналған қала әкімі Ахметжан Есімовтың құттықтауында айтылды.

«Біздің еліміздің конфессияаралық және ұлысаралық келісім тұрғысында бірегей үлгі ретіндегі артықшылықтары орасан зор. Ұлтаралық келісімнің моделін қалыптастырудағы республиканың табысты тәжірибесі Қазақстанға қарқынды экономикалық өсім мен мемлекеттің халықаралық деңгейде мәртебесін нығайту үшін барша қажетті жағдайды құруға мүмкіндік берді»,-деді әкім.

Оның сөзінше, Наурыз жаңару мен табиғаттың құлпыруының, көктемнің салтанат құруының белгісі. Бұл - мейірімділік пен бейбітшіліктің, сенімділіктің және өзара түсіністіктің, жақсылықтың мерекесі. Осы күндері адамдар жетістіктерді қорытындылап, осы шақты зерделеп, болашаққа жоспарлар құрады.

Қала басшысы алматылақтар мен барлық қазақстандықтарға жақсы тілектерін жеткізді. «Көктемнің жылы самалымен біздің өмірімізге қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй енсін, ал әр үйде әрқашан үйлесімділік және амандық болсын»,-деді құттықтауында А. Есімов.