22 наурыз күні Атбасар қаласында тұратын «Toyota Corola» автомобилінің 29 жастағы жүргізушісі мас күйінде жаяу жүргінші - 74 жастағы жергілікті тұрғын әйелді басып кетті.
Зейнеткер орталық ауруханаға «бас миы жарақаттанып, сол жақ білегі сынуы» диагнозымен жеткізілді, сонда алған жарақаттарынан көз жұмды.
Полицейлер тексеру барысында жас жігіт Салық комитетінде жұмыс жасайтынын анықтады. Ол қазір уақытша оқшаулау абақтысында отыр. Оған қатысты 2-бөлім, 296-бап бойынша «Өлімге соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.