Наурыз мерекесі қарсаңында қырғызстандықтар төрт күн демалады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстандықтар Наурыз мерекесіне орай төрт күн демалады. Қырғыз үкіметі 2017 жылдың 20 наурызын - дүйсенбі күнін демалыс деп жариялады, деп хабарлайды 24.kg агенттігі.

Қырғызстан премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков демалыс және мереке күндерді ұтымды пайдалану үшін Қырғызстан Республикасы Еңбек кодексінің 113-бабына, Үкімет туралы заңның 10 және 17-баптарына сәйкес, жұмыс күнін ауыстыру туралы қаулыға қол қойды.

Аптасына бес күн жұмыс жасап, екі күн демалатын ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелері үшін 21 наурыз күні Наурыз мейрамы атап өтілетіндіктен, 20 наурыздағы жұмыс күні 2017 жылдың 25 наурызына ауыстырылды.

Осылайша, қырғызстандықтар төрт күн - 18-нен 21 наурызға дейін демалады. 
Еске сала кетсек,Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің қаулысына сәйкес Наурыз мерекесіне орай қазақстандықтар бір аптаға жуық демалады. Сенбі, 18 наурыз - жұмыс күні, ал, 19, 20, 21, 22, 23 наурыз күндері толық демалыс, жұма, 24 наурыз - жұмыс күні де, 25-26 наурыз - сенбі-жексенбі күндері тағы демалыс болады.