деп хабарлайды ҚазАқпарат GSM Қазақстан/Kcell компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Байланыс операторының абоненттері Наурыз мерекесі кезінде ( 21-23 күндері) 43 миллионнан астам қоңыраулар шалып, 22,5 миллион смс-хабарлама жіберген. Корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры Аида Досаеваның айтуынша, мереке кезіндегі желідегі бұл жүктемені еш қиындықсыз атқарып шықты. Кезекшілікте болған техникалық департаменттің негізгі бөлімшесі қызметкерлерінің ерен еңбегінің арқасында желіде ешқандай да ақау болған жоқ.
1998 жылы құрылған бұл компания 1999 жылдың ақпан айынан бастап Kcell сауда белгісімен жұмыс жасаған болатын. Ал қыркүйекте Activ сауда белгісі іске қосылды. Қазіргі таңда оның абоненттерінің жалпы саны 7 миллион адамнан асты.