деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Орталық шаралар өтіп жатқан Ғашықтар саябағының алаңында 10 мыңға жуық шар көкке ұшырылды. Осыдан кейін мейрамның барысы театрландырылған көрініспен ұласты. «Жігіттер», «Үркер», «Бәйтерек» топтары, Мәдина Сәдуақасова, Рамазан Стамғазиев, сондай-ақ Астана қаласының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт басталды. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің айтуынша, алаңда Республикалық Ұлан сарбаздарының әскери шеруі өтеді.
Қалада жүздеген киіз үйлер тігіліп, қаланың әр жерлерінде 17 алаң құрылып, онда Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттер қойылуда. Атап айтқанда, қаладағы «Жастар» сарайының сыртындағы алаңда, орталық саябақта, «Атамекен» этно-мемориалды кешенінде, Бәйтерек монументі және Қаржы министрлігі ғимаратының жанындағы алаңдарда, «Тұлпар» ипподромында және Оқушылар сарайында мерекелік шаралар ұйымдастырылған.