Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 20 пайызға артық. Ондағы сөйлесулердің жалпы ұзақтығы биыл 1 миллион 966 мың 561 сағатты құрап отыр. Осындай ұзақтықта қоңырау жасау үшін бір адамға үзіліссіз 226 жыл сөйлесу қажет екен.
«Ежелден келе жатқан дәстүр бойынша Наурыз мейрамы қарсанында тал егіп, бұлақ көзін ашу қажет. SMS-хабарламаның әрқайсысы 1 сәлемхаттын орнын толтыратынын ескеретін болсақ, Beeline абоненттері қағаздың 100 тоннасын үнемдеп, сәйкесінше 5 мың ағашты құтқарды», -дейді «КаР-Тел» ЖШС-нің маркетингтік директоры Айнұр Әбжанова.
Оның айтуынша, компания абоненттері мереке кезінде 10 миллионнан астам SMS-құттықтаулар жіберді. Егер де осы SMS-құттықтаулардың әрбірін жеке құттықтау хатқа басып шығарса, дестенің биіктігі 4849 метрді құрайды. Бұл Оңтүстік-Шығыс Талғар шыңының биіктігімен бірдей болады.
19:00, 24 Наурыз 2011
Наурыз мерекесінде Билайн абоненттері 1 миллион 966 мың 561 сағат бойы бір-бірін құттықтады
АЛМАТЫ. 24 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Наурыз мерекесінде Қазақстанда Билайн сауда белгісімен жұмыс жасайтын «КаР-Тел» компаниясы абоненттері 80 миллиондай қоңыраулар шалды.