«Қазақстан даму институты Ұлыстың ұлы күнін мерекелеудің жаңа форматын әзірледі. Тұжырымдаманың ерекшеліктері - Наурыз мерекесі тоғыз күн ішінде өткізіледі. Соның ішінде алты күн - дайындық күндері, ал негізгі атап өту күндері - 21-22 наурыз», - дейді «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты жанындағы Рухани жаңғыру орталығының басшысы Жанар Бұқанова.
Ол Наурызды мерекелеуге «Рухани жаңғыру» бағдарламасының компоненттері енгізілгенін айтты.
«Әз-Наурыз мерекесін отбасылық деңгейде атап өтуге мән берілген. Жаңа тұжырымдамада ұжымдық корпоративтерге Наурыз мейрамын мерекелеу ұсынылады. Сонымен қатар, марапаттау рәсімін де осы мейрамда өткізу керек», - дейді ол.