Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Нақтырақ айтсақ, №153/154 «Астана-Қостанай» пойызы Астанадан 20 наурызда, Қостанайдан 21 наурызда жолға шығады.
№61/62 «Алматы-Арыс» пойызы Алматыдан 19 наурызда, Арыстан 20 наурызда жолға аттанады.
№151/152 «Алматы-Көкшетау» бағытында қатынайтын жолаушылар пойызы Алматыдан 21 наурызда, Көкшетаудан Алматыға 23 наурыз күні қатынайды.
№156/155 «Қарағанды-Жезқазған» пойызы болса Қарағандыдан алдағы 20 және 24 наурызда, Жезқазғаннан 21 және 25 наурызда жолға шығады.