Наурыз мейрамы күндері Астананың жол полицейлері 1333 ереже бұзушыны анықтады

АСТАНА. 24 наурыз. ҚазАқпарат - Наурыз мейрамы күндері Астана қаласының жол полицейлері жолда жүру ережесін бұзған 1333 жүргізушіні ұстады. Бұл туралы қалалық ІІД Жол полициясы басқармасынан хабарлады.

Наурыз мейрамы атап өтілген 21, 22 және 23 наурыз күндері елордалық жол полицейлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді.

1333 жүргізушінің 32-сі - автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін тоқтатылса, жылдамдықты белгіленген межеден асырған 100 жүргізушіге, қарама-қарсы жолға шығып кеткен - 10, көліктің қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы үшін - 15 және қозғалыс кезінде ұялы телефон қолданған - 71 жүргізушіге әкімшілік хаттамалар толтырылды. Тағы 43 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.