Наурыз мейрамы Мәңгілік Елдің біріктіруші рухани құндылығына айналды - ҚХА

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі барша отандастарымызды Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтады.

ҚазАқпарат құттықтаудың толық мәтінін таратады.

***

Құрметті отандастар!

Сіздерді жалпыхалықтық көктем мерекесі - Наурызнамамен құттықтаймыз. 

Наурыз ежелгі дәуірлерден бастап Ұлыстың ұлы күні - табиғат пен адам рухының жаңаруы, бірлесу мен өзара көмек күні ретінде аталып өтеді.   

Бүгінгі күні, ғасырлар бойы сақталған дәстүрлердің арқасында, сенім, ынтымақ, татулық пен келісімнің арқасында Наурыз мейрамы Мәңгілік Елдің біріктіруші рухани құндылығына айналды.  

Көктемнің тіршілікті оятар лебімен бірге Наурыз, біздің үйлесім мен өзара түсіністікке, достық пен бірлікке деген талпынысымызды орнықтыра түседі. 

Біздің еліміз бен халқымыздың бүгінгі табыс кілті, ертеңгі жеңістері мен жетістіктерінің кепілі, міне, осында жатыр. 

Наурыздың шуағы мен жарығы біздің ортақ үйіміз - Ұлы Дала Елінің жазиралы жазығын жылуына бөлесін.

Көктемнің нақ осы күндерінде біздің еліміз - Қазақстан Республикасын нығайту мен дамытудың шешуші кезеңіне қадам басуымыздың өзі маңызды болса керек. 

Бүгін біз, Қазақстан халқы деген біртұтас отбасындағы жандардай ортақ іске үлес қосуда, ел болашағы үшін жауапты екенімізді ерекше сезінеміз. 

Қымбатты жерлестер!

Көктемнің ұлы да жарқын мерекесі Наурыз сіздерге қуаныш, молшылық пен бақыт сыйласын!  

Көктем күнінің шуақты шапағымен ұлан-байтақ еліміздің әр түкпіріне үйлесім ұяласын, ал әр қазақстандық отбасында татулық, өзара сыйластық, түсіністік пен сүйіспеншілік одан әрі беки түссін! 

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі