Наурыз мейрамы тәуелсіздікпен бірге қайта түлеп, жалпыхалықтық мерекеге айналды - Е.Сұлтанов

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Наурыз мейрамы тәуелсіздікпен бірге қайта түлеп, жалпыхалықтық мерекеге айналды, деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов өзінің құттықтауында.

«Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Қымбатты жерлестер! Сіздерді ұлы мереке - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!. Ғасырлар бойы халықтың рухани ұлылығын бейнелей отырып, бұл жарқын мереке уақыт пен ұрпақтар сабақтасығын ажырамас бірлікте жалғастыруда, көктемгі күн мен түннің теңесуін, бүкіл тіршіліктің оянып, жаңғыруын білдіреді», - делінген өңір басшысының құттықтауында.

«Наурыз мейрамы біздің тәуелсіздігімізбен бірге қайта түлеп, жалпыхалықтық мерекеге айналды. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Наурыз мейрамының елімізде бірлік пен келісімның сақталуындағы ұлы мәртебесін атап көрсетеді.

Нақ осы топтасқандық пен тағаттылықтың арқасында Қазақстан ең жоғары мақсаттар мен ұлы істерді жүзеге асыруда сенімді, берік те гүлденген мемлекетке айналды. Бүкіл елмен бірге біздің Солтүстік Қазақстан облысы да дамып келеді. Өңірде мемлекеттік салалық бағдарламалар ойдағыдай жүзеге асырылуда, өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандар салынуда, жаңа жұмыс орындары құрылуда.

Қалалар мен ауылдардың келбетінде де болып жатқан оң өзгерістер баршылық - мұның бәрі біздің сіздермен бірге топтасқан және жасампаз жұмыстарымыздың жемісі.

Қымбатты жерлестер! Бұл күні Отанымыздың барлық түпкір-түпкірінде Наурыз мейрамын мерекелей отырып, қазақстандықтар патриоттық сезіммен, осы тамаша мерекенің ортақ қуанышын бөлісуде.

Тәуелсiз халқымыздың бiрлiгi мен татулығы нығайып, елiмiздiң көк байрағы биiктерден көрiнсiн. Молшылық пен ырыстың мерекесi - Наурыз мейрамы әр отбасына қуаныш пен молшылық сыйласын!»,- деді облыс әкімі өңір тұрғындарына құттықтауында.