Су-27 жойғыш ұшақтарында авиабазадан ұшып шығып, көк аспанда отбасы - ошақ қасының, ұрпақ жалғастығының, жанұялық жылулық пен ырыс-берекенің символына айналған шаңырақтың нақышын бейнеледі. Қазақ халқында осы элементпен көптеген ізгі тілектер байланысты. Мәселен, «Шаңырағың биік болсын», «Шаңырағың шайқалмасын» деген сынды ақ тілекке толы баталы сөздер жиі кездеседі. ҚР Қарулы Күштерінде шуаққа толы көктемгі мейрам қарсаңында салтанатты іс-шаралар, мерекелік концерттер және көрмелер өтуде.
12:50, 19 Наурыз 2016
Наурыз мейрамына орай әскери қызметшілер көк аспанда шаңырақтың кескінін бейнеледі (ФОТО, ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Барша қазақстандықтар жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін, жаңару, күн мен түннің теңелетін шағы, асыға күткен әз-Наурыз мейрамына қызу дайындалуда. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері бұл мейрамды барлық елде кеңінен атап өтеді. Осы көктемгі мерекеге орай Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері қазақстандықтарға сыйлық тарту етті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.