Наурыз мейрамына орай ішкі істер органдары күшейтілген қызмет режіміне көшеді
15:04, 20 Наурыз 2013
АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Наурыз мейрамына орай ішкі істер органдары күшейтілген қызмет режіміне көшеді.
Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Наурыз мейрамын» мерекелеу кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ішкі істер министрлігінің, Ішкі әскер мен Қылмыстық-атқару жүйесі комитеттерінің жеке құрамы ағымдағы жылы наурыз айының 21-і мен 25-і аралығында қызмет көрсетудің күшейтілген режіміне көшеді», - деді ресми өкіл.