Наурыз мейрамына орай қосымша пойыздар жолға шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз мейрамын мерекелеу күндері жолаушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Алматы-2-Арыс-1» бағытындағы №61/62 қосымша жолаушылар пойызын жолға шығаратындығын хабарлады.

«Пойыз Алматы-2 стансасынан 21 және 28 наурызда, Арыс-1 стансасынан 22 және 29 наурызда жүреді. Оның құрамында 15 вагон бар, оның 6 купелік, 9 плацкартты. Туындаған барлық сұрақтар бойынша теміржол возкалдарының анықтамаларына немесе бірегей анықтама қызметінің 105 нөміріне хабарласуға болады», - делінген хабарламада.