Наурыз ? шаттық пен берекенің, ынтымақ пен бірліктің мейрамы

АЛМАТЫ. Наурыздың 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Наурыз – шаттық пен берекенің, ынтымақ пен бірліктің мейрамы.

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан Наурыз мейрамында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жаңа жыл баршаңызға бақыт пен береке, шаттық пен қуаныш әкелсін. Әрдайым көңілдеріңіз көктемнің нұрлы шуағындай арайлы, жүздеріңіз таудың мөлдір бұлағындай жайдарлы болсын демекпін. Жер әлемнің тынысын кеңейтіп, қаһарлы қыстың уысын жібіткен, бұл мерекенің орны ерекше. Себебі, Наурыз ? шаттық пен берекенің, ынтымақ пен бірліктің мейрамы», дейді Әуезов ауданның әкімі Әділ Несіпбаев. Әділ Сағымбекұлы бұл жайлы №7 аурухана мен 157 орта мектепте және Н. Сац атындағы Мемлекеттік балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық орыс театрында Наурыз мейрамын тойлап жатқан жұртшылықты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаған кезде айтты. Қазір онда жиналған халық танымал өнер жұлдыздары мен аудандағы көркемөнерпаздар ұжымдарының және ұлттық мәдени орталықтарының мерекелік концерттік бағдарламасын тамашалауда. Сондай-ақ қолөнер бұйымдарының көрмесі мен сауда жәрмеңкесін аралап, ұлттық және халықтық спорт түрлерінен өтіп жатқан жарыстарға да қатысуда.