«Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымыз айрықша көңіл бөліп, құрмет тұтқан бұл мейрам қашан да жаңару мен ізгіліктің, ынтымақ пен берекенің жаршысы болған. Көктемнің осынау жаймашуақ күнінде адамдардың өзгеге өкпе-реніштерін ұмытып, татулықтың шамын жағуы қалыпты дәстүрге айналған. Мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, сарқылмас бақыт, шаңырақтарыңызға ынтымақ пен береке тілеймін.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын. Мереке қуаныш пен жақсылығын ала келсін!»
Астана қаласының әкімі Ә. Жақсыбеков