Наурызда 66,7 мың адам жұмысқа қабылданып, түрлі себептермен 56,4 мың адам жұмыстан кетті

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Наурызда 66,7 мың адам жұмысқа қабылданып, түрлі себептермен 56,4 мың адам жұмыстан кетті,

деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

«Жедел деректерге сәйкес, ірi және орта кәсiпорындарға, ұйымдарға 2011 жылғы наурызда 66,7 мың адам қабылданды, түрлі себептермен - 56,4 мың адам жұмыстан кетті. Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 82,6, қызметкерлер санының қысқаруына байланысты - 3,0, басқа себептер бойынша - 14,4 пайызды құрайды», - делінген ведомство ақпаратында.

Ағымдағы жылғы наурыз айында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,2, жұмыстан босату бойынша айналым - 1,9, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 1,6 пайызды, ал осы кезеңдегі жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 118,3 пайызды құрады.