Наурызда ел кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі жоғарылады - Статистика

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Наурызда ел кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі жоғарылады,

деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

«Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары наурызда алдыңғы аймен салыстырғанда дайын өнiмге сұраныстың кемуін және өнеркәсіп көлемінің азаюын атап өттi. Бұл олардың іскерлік белсенділігінің артуын айғақтайды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Іскерлік белсенділік өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен 2 пайыздық тармаққа артып, 14 пайызды құрады.

Өнеркәсіп кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша, жақын арада, 2011 жылғы маусымға дейiн, iскерлiк белсендiлiктің артуы күтіледі.

2011 жылғы наурызда өткен аймен салыстырғанда тұтынушылық сұраныстың артуы сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша, олардың іскерлік белсенділігінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпкерліктің сенімділік индексі 1 пайыздық тармаққа артып, 12 пайызды құрады.

Сауда кәсіпорындары басшыларының болжамды бағалауы бойынша 2011 жылғы маусымға дейiн iскерлiк белсендiлiкке байланысты елеулі өзгерістер күтілмейді.