Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.
Бас банкирдің айтуынша, көктемнің алғашқы айында Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 5 аукцион өткізілді. Онда 12 айлық МЕККАМ (1,6 млрд. теңге), 3 жылдық МЕОКАМ (6,7 млрд. теңге), 5 жылдық МЕОКАМ (13,4 млрд. теңге), 7 жылдық МЕУКАМ (13 млрд. теңге) және 10 жылдық МЕУКАМ (10,3 млрд. теңге) орналастырылды. Тиімді кірістілік: он екі айлық МЕККАМ бойынша - 2,90 пайыз, үш жылдық МЕОКАМ бойынша - 3,16 пайыз, бес жылдық МЕОКАМ бойынша - 4,01 пайыз, жеті жылдық МЕУКАМ бойынша - 6 пайыз, он жылдық МЕУКАМ бойынша - 5,21 пайызды құрады.
Наурызда сондай-ақ, Ұлттық банктің ноттары эмиссиясының көлемі ақпанмен салыстырғанда 3 еседей қысқарып, 6,2 млрд. теңге болды. Онда 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 4,1 млрд. және 2,1 млрд. теңгенің 2 аукционы өтті. Орналастырылған ноттар бойынша тиімді кірістілік 1,03 және 1,05 пайызды құрады. Ал айналыстағы ноттардың көлемі ақпанмен салыстырғанда 18,4 пайызға азайып, 101,9 млрд. теңге болды.