Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарлады.
Агенттіктің ұсынған мәліметтеріне сәйкес, өткен наурыз айында жұмыспен қамтылғандардың саны 2010 жылдың наурызына қарағанда 0,1 пайызға немесе 4,8 мың адамға көп.
Ағымдағы жылдың наурызында жалдамалы қызметкерлердің саны жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 67,2 пайызын, нақты айтқанда 5,5 млн. адамды құрады. Жұмыссыздар саны бағалау бойынша, 472,6 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайызды құрады. Наурыз айының соңындағы жағдай бойынша, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 53,7 мың адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелді. Олардың үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,6 пайызын құрап отыр (2010 жылғы наурызда - 0,9 пайыз).
Сондай-ақ Агенттіктен хабарлағандай, аталмыш кезеңде жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,5 пайызын құрады.
Айта кетейік, жасырын жұмыссыздық (лажсыздан толық емес жұмыспен қамтылу) - қысқартылған жұмыс аптасы немесе толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтін қызметкерлердің, сондай-ақ жалақысы сақталмайтын немесе еңбекақысы жартылай төленген әкімшілік демалыстарда болған қызметкерлердің санын көрсетеді.
Жасырын жұмыссыздық деңгейі - толық емес (жартылай) жұмыспен қамтылған және лажсыздан демалыста болған қызметкерлердің экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санындағы пайызбен өлшенетін үлесі.