«Депозитін теңгемен сақтағандардың өтемақы алуға беретін өтінішін қабылдау мерзімі ұзартылған болатын. Жалпы, осы уақыт ішінде 125 мың салымшы ұзартылған мерзімді пайдаланды. Соңғы дерек бойынша, алдын ала өлшем мынадай: 2 млн 623 мың салымшыдан жалпы сомасы 307 млрд теңге болатын өтінім жиналды. Төленуі ықтимал өтемақының жалпы сомасы 4 млрд теңгемен толықты. Қазіргі таңда жалпы сома 307,5 млрд теңге деп бағаланып отыр», - деді Ұлттық банк басшысы.
Айта кетейік, Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде қалдыру жөнінде шешім қабылдады.