Наурыздағы ҰБТ: Талапкерлердің 65 пайызы шекті балды жинады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Наурыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеудің аралық нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram парақшасында жазды.

Оның айтуынша, талапкерлердің 65% шекті балл жинаған.

Орташа балл - 65, ең жоғары балл – 134. 28 қатысушының нәтижесі 130 балдан асты.

Тестілеуге қатысуға 105 мыңға жуық өтініш келіп түсті, оның жартысынан көбі ҰБТ тапсырып үлгерді.

74,2% - қазақ тілінде

25,6% - орыс тілінде

0,2% - ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Наурыз айындағы ҰБТ-ға ерекше білім беруді қажет ететін 130 бала қатысты.

2022 жылдан бастап ерекше қажеттіліктері бар түлектерге тестілеу тапсырмаларын орындау үшін негізгі 240 минуттан бөлек, тағы қосымша 40 минут уақыт беріледі.