Наурызды мерекелеуге байланысты Астанадағы бірқатар қоғамдық көліктердің қозғалысы өзгереді

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Наурыз мерекесіне байланысты Астанадағы «Қазақ елі» монументі алаңы бойымен жүретін көліктердің қозғалысы 19-22 наурыз аралығында шектелетін болады.

Астана әкімдігінің мәліметінше,  сол күндері № 4, 14, 21 қоғамдық көліктерінің маршруттары Обаған көшесімен өтеді (Тәуелсіздік сарайының артқы жағындағы көше).

Бұдан бөлек, 22 наурыз күні Тәуелсіздік даңғылы, А. Байтұрсынов, Ж. Нәжімеденов көшелерінде қозғалыс шектеледі.

Айта кетейік, 22 наурызда № 3, 4, 14, 21, 32, 35, 40  және 46 қоғамдық көліктерінің бағыттары өзгереді.

№ 32, 35, 40 , 46 маршруттары Сарайшық­ - М-1 көпірі - Б. Момышұлы даңғылымен өтіп, бұдан әрі қарай бұрынғы кестемен жүреді.

Ал № 3, 4, 14 қоғамдық көліктері Тәуелсіздік даңғылы ­- Б. Момышұлы даңғылы - Мирзоян көшесі аралығымен жүріп, соңғы аялдама «Қараөткелге» барады.

№ 21 маршруты М-3 көпірі - Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін жүріп, осы көшеде айналып, Ж.Нәжімеденов көшесіне түседі және бұдан кейін кері қайтатын болады.