Наурыздың үш күн мерекесінде Шымкентте 194 қылмыс жасалды

None
ШЫМКЕНТ. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында мерекелік және демалыс күндері 194 қылмыс тіркелді, оның 182-сі ашылды.

ОҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, 2 кісі өлтіру ізін суытпай ашылды, заңсыз қару сақтаудың 6 фактісі анықталып, 1 аңшы қаруы, 1 травматикалық тапанша, 4 суық қару (пышақ) және кастет алынды, сонымен бірге есірткі заттарын сақтаудың 1 фактісі анықталды.

Осыдан басқа, 39 жол-көлік оқиғасы болды, онда 53 адам жарақат алып, 10 адам көз жұмды.