Әр түрлі жастағы 60 жуық бала Астана қаласының көрікті жерлерінде болып, қала әкімдігінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды astana.kz.
Бағдарламаға сәйкес, балалар ҚР Ұлттық музейінде болып, бірегей экспонаттармен танысты. Ал мерекелік түскі астан кейін Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы Беріком Жакеновпен кездесті. Содан кейін балалар Физикалық Электро-Шоу Тесла және Фокусник-иллюзионист шоуларын тамашалады.
Мұнымен қоса, балаларға бағалы сыйлықтар тарту етілді. Сондай-ақ олар дельфинариумда және Океанариумда болды.