Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жедел штабының ақпараты бойынша, Науырзым қорығындағы Бишағаш орманшылығы аумағындағы өрт 22 тамызда сағат 18:10-да сөндірілді.
Алдын-ала болжам бойынша 807 гектар жер жанған. Сондай-ақ тағы тағы 10 га аумақта құрғақ қамыс өртенген.
Қарамайшы бөлімшесінің ауданындағы үшінші учаскеде ТЖД қызметкерлері мен қорық қызметкерлерінің жалпы күшімен өрт 22 тамыз күні сағат 18:53-те оқшауланды. Өрт периметрі бойынша қарауылдау және қосымша жырту жұмыстары жүргізілуде.
Өртті оқшаулауға қорық қызметкерлері қатарынан 30 адам және 15 техника жұмылдырылды.
«Өрттің себебі мен жалпы ауданы анықталуда»,-делінген Қостанай облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобының ақпаратында.