деп хабарлады сәрсенбі күні «РИА «Новости» агенттігі интернат өкіліне сілтеме жасап.
«Расталған диагноздарды біз кеше алдық. Қазанның 22-сі мен 27-сі аралығында 56 бала ауырып ауруханаға түсті, олардың біразы бірер күнде жазылып шыққалы отыр, олардың жағдайы қанағаттанарлық», дейді интернат өкілі. Бұл фактіге қатысты «Роспотребнадзор» агенттігінің түсіндірмесін ала алмадық, деп хабарлайды «РИА «Новости».
Сейсенбі күнгі мәліметтер бойынша, өлкеде А/Н1N1 тұмауымен ауырудың 142 оқиғасы зертханалық негізде қуатталған, олардың 122-сі - оқушы, 12-сі мектеп жасына жетпеген балалар, сегізі - ересек азаматтар.