Найробидің халықаралық әуежайы өртенді

АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Кенияның астанасы Найроби әуежайында өрт болды. Би-Би-Си хабарлағандай, терминал ғимаратынан түтін шығып,

ал әуежайға қарай ондаған жедел жәрдем көлігі шыққан.

Өрт әуежайдың шекара аймағында тұтанып, ғимараттың ішіне тез жайыла бастаған. Әуежай басшылары жолаушылар мен қызмет көрсетушілерді сыртқа шығарып жатыр.

Кенияның ІІМ өкілі Мутеа Иринго биліктің осынау келеңсіз жағдайды қалпына келтіру үшін қолдан келгенін аямайтынын мәлім етті.

Әзірге зардап шеккендер мен жараланғандар жайлы мәлімет жоқ. Өрттің орын алу себептері туралы да ешқандай ақпарат түспей отыр.