Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйене отырып, қала тұрғындарына ескерту жасады.
Ертең, 14 маусым күні шаһарда найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан күшті жел соғады. Кей жерлерде жел екпіні 15-18 м/с жетеді.