Найзағай, дауыл, бұршақ: 23 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Фото: Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет синоптиктері 23 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Алматыда күндіз найзағай ойнауы мүмкін. 

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман шөгеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болуы ықтимал.

Астанада күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында күші 15-20 м/с.

Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астанада күндіз найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Абай облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15 м/с.