Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті шаһар тұрғындарына ескерту жасады.
18 маусым күні «Қазгидромет» РМК деректері бойынша күндіз дауыл тұрады және бұршақ жауады.
18 маусым - күндіз, 19 маусым - тәулік бойы қалада найзағай жарқылдайды.
Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады.
Осы екі күн бойы жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
19 маусым күндіз ауа температурасы 15 17 градусқа дейін күрт төмендейді.